Из выступления президента Токаева на расширенном заседании правительства, которые касались тем продовольственной безопасности, АПК и сельского хозяйства:
«ЕКІНШІ. Халықтың әл-ауқатын жақсарту керек. Негізгі тағам өнімдерінің қымбаттауы инфляцияның өсуіне себеп болып жатыр. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты. Тұрғындардың ақшалай табысының өсу қарқыны соңғы 5 жылдағы ең төмен деңгейде тұр.
Елімізде қағаз жүзінде жұмыс істейтін, уақытша жұмыс істемейтін, өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз деп көрсетілген 900 мыңға жуық адам бар. Негізгі құжат – Халықтың табысын арттыру бағдарламасы. Оны қазіргі жағдайларға сәйкестендіру керек»
«ВТОРОЕ. Улучшение социального самочувствия граждан.
Основным фактором роста инфляции остается удорожание продуктов питания по всем ключевым группам. Продовольственная инфляция превысила 24%. Реальные денежные доходы населения демонстрируют самые низкие темпы роста за последние пять лет.
Почти 900 тысяч человек в в стране числятся формально трудоустроенными, временно незанятыми, непродуктивно самозанятыми и безработными. Основной документ в этой сфере – это Программа повышения доходов населения. Ее следует привести в соответствие с реалиями сегодняшнего дня»
«Енді инвестиция саясатына келейік. Менің тапсырмаммен инвестициялық жобалардың бірыңғай жүйесі әзірленді. Алайда биыл жоспардағы 284 инвестициялық жобаның 43-і ғана жүзеге асырылған. Яғни, небәрі 15 пайызы іске қосылған. Мұның бәріне құр цифр ретінде қарауға болмайды. Өйткені соның кесірінен көптеген жұмыс орны ашылмай қалды.
Ел экономикасы миллиардтаған теңге қаржыдан қағылды. Сыртқы істер министрлігі шетелден инвестор тарту үшін тиімді жұмыс атқарып жатқанын атап өткен жөн. Елшілер шетелдерде түрлі кездесу өткізіп, елімізге инвесторларды жетелеп әкеледі деуге болады. Бірақ жобаны жүзеге асыратын кезде жергілікті жерде түрлі мәселе туындайды. Бір сөзбен айтсақ, біз дайын инвесторлардан айырылып қалып жатырмыз.
Тағы да қайталап айтамын, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау яғни, жер бөлу, рұқсатнама беру, инфрақұрылыммен қамту – әкімдердің міндеті. Әрине, орталыққа да өзгеріс жасау керек. Осыған қатысты бірқатар ұсыныс бар екенін білемін.
Премьер-Министр Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте бәрін қайтадан талқылап, өзара келісілген шешімді маған енгізуі қажет»
«Далее перейдем к инвестиционной политике. По моему поручению сформирован единый пул инвестиционных проектов. Однако в текущем году реализовано всего 43 из 284 запланированных инвестиционных проектов – это всего 15%. За данными сухими цифрами стоят десятки тысяч несозданных рабочих мест, миллиарды тенге, которые не начали работать на экономику.
Следует отметить, что министерство иностранных дел проводит достаточно эффективную работу по привлечению интереса иностранных инвесторов. Послы встречаются за рубежом, как говорится, «под ручку» привозят инвесторов к нам. Проблемы начинаются на стадии реализации, на местах. Одним словом, мы просто теряем инвесторов.
Поэтому еще раз подчеркну – сопровождение реализации инвестиционных проектов (земля, разрешительная документация, инфраструктура) – это зона ответственности акимов. Конечно, на центральном уровне тоже нужны изменения. Отдельные предложения мне вносились.
Прошу Премьер-министра еще раз обсудить данный вопрос на Совете по экономической политике и внести согласованное решение»
«Келесі – баға белгілеу мәселесі. Бұл мәселе бойынша бірнеше талқылау болды. Азық-түлік бағасын өсірмеу үшін негізгі бағыттар бойынша нақты жұмыс жүргізу керек. Өнімнің өзіндік құнын төмендету, қажетсіз делдалдан арылу туралы біз бірнеше рет айттық. Сауда желілерін қолжетімді етіп, айналымға қаржы салу үшін арзан несие беру тәсілін де қолдануға болады. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Тауар өндірушіден алдын-ала тікелей сатып алу ережесі қабылданды.
Бюджеттен қаржы бөлінетін болды. Дегенмен көптеген шаруаның көкөніс сақтайтын жері жоқ. Сол себепті, олар өнімдерін егіс басынан тікелей сатуға мәжбүр болады. Оның салдары бәрімізге белгілі. Ауыл тұрғындары біраз табысынан қағылады. Азық-түліктің бағасы жыл мезгіліне қарай қатты өзгереді. Күзде су тегін нәрсе көктемде шарықтап шыға келеді.
Мұның шешімі біреу ғана – қойма инфрақұрылымын жасау керек. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс баяу жүріп жатыр»
«Касательно вопросов ценообразования. Эта проблема постоянно становится предметом обсуждения. Снижение себестоимости продукции, устранение непродуктивных посредников, доступ к торговым сетям и дешевые оборотные средства – вот основные направления борьбы с ростом цен на продукты.
Первые шаги сделаны – приняты Правила форвардного закупа напрямую у товаропроизводителей.
Предусмотрено бюджетное финансирование. Вместе с тем многие фермеры не имеют мощностей по хранению овощной продукции, поэтому вынуждены продавать напрямую ее с поля. Результат – недополученные доходы сельчан и высокая сезонность цен на продукцию.
Решение заключается в создании инфраструктуры хранения. Однако работа по снижению дефицита овощехранилищ идет медленно»
«Былтыр 83 мың тонна немесе 77 пайыз өнім сақтайтын қойма салу көзделген еді. Алайда жоспар 64 мың тоннаға ғана орындалды. Биыл жұмыс біршама жандана түсті. 98 мың тонналық қойма салу жоспарланып, соның 87 мың тоннасы қазірдің өзінде іске қосылды. Дегенмен бұл бағыттағы шаруаны әлі де ширата түсу керек.
Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі елді өркендетудің басты шарты екенін түсіну қажет. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу – Үкімет пен әкімдер үшін басты басымдық болуға тиіс»
«В прошлом году введено мощностей на 64 тысячи тонн при плане 83 тысячи тонн, или 77%. В этом году ситуация получше – при плане 98 тысяч тонн введено мощностей на 87 тысяч тонн. Но нужно наверстывать. Очень важно понимать, что в текущих условиях продовольственная безопасность – это базовое условие прогресса страны в целом. Развитие АПК и особенно сельхозпереработки должны быть приоритетом в деятельности Правительства и акимов»
«ТӨРТІНШІ. Ауылдық жерлерді дамыту керек. Мен Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Бұл – менің жаңа президенттік өкілеттігім басталғаннан кейінгі алғашқы Жарлығым. Келесі жыл ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға арналады. Тұжырымдаманы әзірлеуге мамандарды, шаруаларды және жергілікті қоғам белсенділерін тарту қажет.
Ауылды өркендетудің мүлдем тың тәсілдері керек. Әрине, ол нақты іске асырылуға тиіс. Жер – ауылдағы тұрғындардың негізгі табыс көзі. Өкінішке қарай, елді мекендердің төңірегінде жайылым жетіспейді. Шамамен 8,8 миллион гектар жер тапшы.
Менің тапсырмаммен 5,2 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл – негізінен, жайылымдық жерлер. Енді Үкімет облыс әкімдіктерімен бірлесіп, жерді бөліп-тарату үшін мониторинг картасын әзірлеуге тиіс. Сол арқылы жайылымдық жерге мұқтаж ауыл халқының жағдайын жасаймыз»
«ЧЕТВЕРТОЕ. Развитие сельских территорий.
Как вы знаете, моим первым Указом в рамках новых президентских полномочий стало поручение разработать Концепцию развития сельских территорий. Следующий год пройдет под эгидой повышения благополучия и качества жизни сельчан. К разработке Концепции следует максимально привлечь экспертов, аграриев и общественников на местах.
Нужны совершенно новые, а главное, реализуемые подходы по возрождению села. Земля – это основной источник дохода сельских жителей. Вместе с тем дефицит пастбищ вокруг сельских населенных пунктов сохраняется. Он составляет около 8,8 миллиона гектаров.
По моему поручению возвращено в государственную собственность около 5,2 миллиона гектаров сельхозземель, в основном пастбищ. Теперь Правительству совместно с акиматами регионов следует создать мониторинговую карту распределения земель для удовлетворения потребностей сельчан в пастбищах»
«Жалпы, «Бармақ басты, көз қысты» дегенді мүлдем доғару қажет. Өзара ымыраласқан, астыртын шешім қабылдауға болмайды. Жекелеген шаруашылықтардың емес, ауыл тұрғындарының мүддесі бірінші орында тұруға тиіс. Ауыл жұртының көпшілігінде жер үлесі бар. Бірақ халық оның игілігін көре алмай отыр.
Азық-түлік қауіпсіздігі бүкіл әлем бойынша басты мәселеге айналды. Биыл біздің елде астық мол шықты. Бірақ егіннің орташа шығымы әлі де төмен. Бұл салада заманауи технологияны қолдану өте маңызды. Шаруаларды осыған ынталандыру керек.
Сондай-ақ тыңайтқыштың қолжетімді болуын қамтамасыз еткен жөн. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу ісін жақсартуға баса назар аудару қажет. Мемлекет жыл сайын агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 350 миллиард теңгеден астам субсидия бөледі. Соған қарамастан, терең өңдеу өндірісі дамып жатқан жоқ»
«Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың ұлттық жобасындағы жоспарлар орындалмай жатыр. Мысалы, ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуге қатысты 65 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Іс жүзінде оның 31-і ғана іске қосылды. Сол сияқты 7 құс фабрикасының орнына 3 фабрика салынды. Балық өндіретін 11 жобаның жетеуі ғана пайдалануға берілді.
Біз елімізді негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз етуіміз керек. Сондықтан Үкімет жоспарланған барлық жобаларды жүзеге асыруға міндетті.
Келесі жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту жөніндегі ауқымды жобаны бастаймыз. Оған 1 триллион теңге бөлінеді. Бұл жоба 1 миллион ауыл тұрғынын қамтиды»
«Не выполняются планы в рамках Национального проекта по развитию АПК. К примеру, при плане по вводу 65 проектов по переработке сельхозпродукции, фактически введен только 31 проект. Планировалось запустить 7 птицефабрик мясного направления, введены 3, по производству рыбной продукции вместо 11 проектов введено лишь 7.
Мы должны полностью обеспечить нашу страну основными видами продуктов питания. Поручаю Правительству обеспечить полноценную реализацию всех проектов.
В следующем году мы запускаем общестрановой проект по развитию сельскохозяйственной кооперации с выделением 1 триллиона тенге. Он охватит более 1 миллиона сельчан»