Арал өңірінің азық-түлік қауіпсіздігі

Қазақстан өңірлеріндегі азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі кешенді зерттелмейді. Зерттелді дегеннің өзінде мұндай ақпарат бұқараға жетпей жатады. Айталық, біз Аралдағы балалардың қанша балық тұтынатынын білмейміз. Осы мәселені таяуда осы өңірге жасалған баспасөз сапары кезінде зерттеп көрдік. Баспасөз –туры кезінде елдің түрлі өңірлерінен жиналған журналистер Барсакелмес ұлттық қорығына, Арал қаласы мен басқа да бірнеше елдімекендерде болып, мұражайлар мен …