На базе форелевого хозяйства Есик в Алматинской области готовят специалистов по ихтиологии. О работе «школы рыбоводства» рассказал владелец хозяйства Марлен Турсынали в ходе организованного Министерством экологии, геологии и природных ресурсов РК мероприятия.
«Актуальной проблемой в сфере рыбного хозяйства на сегодня остается дефицит кадров. И для того, чтобы делиться имеющими у нас знаниями в этой области, мы открыли школу рыбоводства. Также мы совместно с Казахским национальным университетом на базе учебного заведения открыли научно-производственный центр, где студенты могут получить теоретические знания. После обучения, они могут трудоустроиться у нас. По желанию студенты открывают свои хозяйства», — пояснил директор хозяйства.
В текущем году здесь прошли обучение 30 человек, 10 из которых остались работать.
«Мы все показываем наглядно: как надо кормить рыбу, какие необходимы материалы. Кроме того, обучающиеся узнают, как делать вакцину для рыб. В целом, весь курс у нас в хозяйстве можно пройти за 10 дней», — добавил Марлен Турсынали.
К примеру, студентка 4 курса Казахского национального университета Жансулу Ургенишбаева, окончив школу рыбоводства, уже успела устроиться на работу ихтиапотологом.
«Мы отвечаем за то, чтобы рыбы не болели разными болезнями. В процессе работы мы объединяем теорию с практикой. Безусловно, обучение и практика – совершенно разные вещи. Поэтому то, что мы могли еще при обучении увидеть и попробовать себя в работе, было очень полезным для нас. Сейчас я знаю, что у рыб также бывают разные заболевания. Каждый месяц мы проводим дезинфекцию. Очищаем воду, а рыбу моем в специальном бассейне», — отметила молодой специалист.
На сегодня в форелевом хозяйстве Есик выращивается 6 видов рыб. Это – форель, сазан, амур, толстолобик, осетр, сом клариус. Всего производится 250 тонн форели, 50 тонн осетра. Основные потребители — жители города Алматы и области.
Напомним, Глава государства Касым-Жомарт Токаев в своем Послании обратил особое внимание на развитие рыбного хозяйства. В 2019 году общий объем рынка рыбы и рыбной продукции в стране составил 66 тысяч тонн. Водные ресурсы Казахстана позволяют выращивать до 600 тысяч тонн рыбы, что дает возможность увеличить экспорт в 10 раз. В связи с этим, Министерством экологии, в целях поддержания рыбных хозяйств, инициирован ряд изменений в законодательство, кроме того, рассматриваются и пути предоставления субсидий.
Есік қаласында балық шаруашылығы мамандары дайындалып жатыр
Алматы облысындағы Есік форель шаруашылығы базасында ихтиолог мамандар дайындалып жатыр. “Балық мектебінің” жұмысы туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған баспасөз туры барысында шаруашылық қожайыны Марлен Тұрсынәлі айтып берді.
“Балық шаруашылығындағы негізгі проблеманың бірі – кадр тапшылығы. Осы саладағы білгенімізбен бөлісу мақсатында балық мектебін аштық. Сондықтан қазір Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, оқу орны базасында ғылыми-өндірістік орталық ашып, студенттерге теориялық білім беріп жатырмыз. Содан кейін бізде тәжірибеден өтеді де, жұмысқа орналасады. Қаласа өзі шаруашылық ашады”, — деп түсіндірді шаруашылық директоры.
Биылдың өзінде шаруашылық мамандары 30 адамды оқытқан. Соның 10-ы жұмыс істеуге қалған.
“Балықты қалай тамақтандыру керек, қандай отырғызу материалдары қажет, бәрін көрсетеміз. Балықты аурулардан сақтауға бағытталған вакцинацияның жасалу жолын да көрсетеміз. Ал шаруашылықтың өзіндегі толық базалық курсты 10 күнде өтуге болады”, — дейді М.Тұрсынәлі.
Мәселен, Қазақ ұлттық университетінің 4-курсының студенті Жансұлу Үргенішбаева балық мектебін бітіріп, ихтиапотолог болып жұмысқа тұрып үлгерген.
“Біз балықтың ауруға шалдықпауына жауап береміз. Теория мен практиканы ұштастырып, жұмыс істеп жатырмыз. Оқыған бір басқа, көзбен көріп, қолмен ұстаған бір басқа. Сондықтан осы әдіс өте тиімді. Балықтардың ауру түрлері өте көп. Әр ай сайын дезинфекция жасаймыз. Суды тазалаймыз. Балықты арнайы бассейндерге шомылдырамыз”,- дейді жас маман.
Қазір Есік балық шаруашылығында балықтың 6 түрі өсіріледі. Олар — ханбалық, сазан, амур, дөңмаңдай, бекіре, клариус сомы. 250 тонна форель, 50 тонна бекіре өндіріледі. Негізгі тұтынушы – Алматы қаласы мен облыс халқы.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында балық шаруашылығына ерекше мән беру керектігін айтқан. 2019 жылы еліміздің балық және балық өнімдері нарығының жалпы көлемі 66 мың тоннаны құрады. Қазақстандағы су ресурстары 600 мың тоннаға дейін балық өсіріп, экспортты 10 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Сол себепті қазір Экология министрлігі шаруаларды қолдау мақсатында бірқатар Заңдарға өзгеріс енгізіп, субсидия беру жолдарын қарастырып жатыр.