Новости

Без развития перерабатывающего сектора рост АПК останется на прежнем уровне

На расширенном заседании правительства президент Касым-Жомарт Токаев отметил, что без развития перерабатывающего сектора рост агропромышленного комплекса останется на прежнем уровне.

Токаев

Его текст выступления по поводу  развития перерабатывающего сектора следующее:

«Эпидемия показала слабость продовольственной безопасности страны. Во время пандемии доходы населения сократились, но социально значимые продукты питания стали дороже. Индекс роста цен на продукты питания превысил индекс инфляции в стране в 1,6 раза. Отсутствие современной инфраструктуры хранения зерна также является проблемой.

Поэтому фермеры вынуждены продавать свою продукцию на полях. Временами это даже имел характер потери. Северо-Казахстанская (18%), Туркестанская (21%) и Алматинская (25%) области плохо обеспечены овощехранилищами. Конечно, это в первую очередь личное дело фермеров. Тем не менее, государственные органы должны организовать стимулы. Я хотел бы повторить, что обеспечение продовольственной безопасности в нашей стране является стратегическим вопросом.

Поэтому правительство и акимы должны уделять этому должное внимание. Экспортный потенциал сельского хозяйства развит слабо. По итогам прошлого года план по экспорту переработанной продукции выполнен на 85%. В то же время основной целью Государственной программы является увеличение экспорта переработанной сельскохозяйственной продукции в 2,5 раза к 2025 году. Министерство торговли и интеграции не оказывает эффективной помощи в области экспорта. Без развития перерабатывающего сектора рост агропромышленного комплекса останется на прежнем уровне.

Меры государственной поддержки должны быть направлены на эту область.

Компетенция в развитии пищевой промышленности была недавно передана Министерству сельского хозяйства.

Министерство должно ввести единый подход к развитию сырьевой и перерабатывающей отраслей.

Земля является ключевым фактором в сельскохозяйственном производстве.

В 2021 году срок действия моратория на некоторые положения Земельного кодекса истечет. В связи с этим нам необходимо принять окончательное решение по этому вопросу.

Мы определили основную проблему. Земля не продается иностранцам.

Мы не будем возвращаться к этому вопросу.

Однако мы должны привлекать инвестиции и технологии для развития агропромышленного комплекса.

В связи с этим вопрос эффективного землепользования должен широко обсуждаться с сообществом фермеров. Все предложения должны обсуждаться открыто.

На основании результатов этой работы я поручаю Правительству внести поправки в Земельный кодекс.

Мы приняли закон о космическом мониторинге для выявления неосвоенных и неэффективно развитых земель и их удаления.

Из 12,8 млн. га незастроенных земель, выявленных в ходе инвентаризации, 7 млн. га были возвращены государству.

Моя позиция ясна. Если у вас есть земля, вам нужно ее развивать. В противном случае мы дадим землю людям, которые могут ее развивать и работать.

Поэтому инвентаризация в этой области должна быть завершена к концу этого года».

Індет елді азықтүлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп берді.

Пандемия кезінде халықтың табысы азайды, бірақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті.

Азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттау индексі елдегі инфляция индексінен 1,6 есеге асты.

Астық сақтайтын заманауи инфрақұрылымның болмауы да – түйткілді мәселе.

Сондықтан, диқандар өнімдерін егістік алқабында сатуға мәжбүр. Кейде, тіпті, ысырап болатын жағдайлар да кездеседі.

Солтүстік Қазақстан (18%), Түркістан (21%) және Алматы (25%) облыстары көкөніс қоймаларымен нашар қамтамасыз етілген.

Әрине, бұл, ең алдымен, фермерлердің жеке мәселесі екені белгілі.

Бірақ, мемлекеттік органдар  ынталандыру шараларын ұйымдастыруы керек.

Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиялық мәселе екенін тағы да ескертемін.

Сондықтан, Үкімет пен әкімдер бұған тиісті деңгейде көңіл бөлуге тиіс.

Ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуеті нашар дамыған.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңделген өнімді экспортқа шығару жоспары 85 пайызға орындалған.

Осы ретте, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын  2025 жылға қарай 2,5 есеге ұлғайтуды  Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты етіп белгіледік.

Сауда және интеграция министрлігі тарапынан экспортқа тиімді көмек беріліп жатқаны байқалмайды.

Қайта өңдеу секторын дамытпаса, агроөнеркәсіп кешенінің өсімі бұрынғы деңгейде қала береді.

Мемлекеттік қолдау шаралары осы салаға бағытталуға тиіс.

Азық-түлік өнеркәсібін дамыту құзыреті жақында Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілді.

Министрлік шикізат және өңдеу секторларын дамытудың біртұтас тәсілін енгізуі керек.

Жер – ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі факторы.

2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз қажет.

Негізгі мәселені айқындап алдық.  Жер шетелдіктерге сатылмайды.

Бұл мәселеге енді оралмаймыз.

Бірақ, агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін инвестиция мен технологияны тартуға тиіспіз.

Осыған орай, жерді тиімді пайдалану мәселесін фермерлер қоғамдастығымен бірге кеңінен талқылау керек. Барлық ұсыныс жария түрде ашық талқылануға тиіс.

Осы жұмыстың қорытындысы бойынша Үкіметке Жер кодексіне түзетулер енгізуді тапсырамын.

Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік.

Түгендеу барысында анықталған 12,8 миллион гектар игерілмеген жердің 7 миллион гектары мемлекетке қайтарылды.

Менің ұстанымым – айқын. Жерді алдың ба, оны игеру керек. Әйтпесе, жерді игеріп, жұмыс істей алатын адамдарға береміз.

Сондықтан, бұл саладағы түгендеу ісін осы жылдың соңына дейін толық аяқтау қажет.