Дүниежүзінде өндірілетін пластмасса көлемі 1950 жылғы 2,1 миллионнан 1993 жылы 147 миллионға дейін, 2015 жылы 406 миллион тоннаға дейін өсті.
Жыл сайын шамамен 380 миллион метрикалық тонна пластик өндіріледі.
1950 жылдары пластмасса пайда болғаннан бері 8,3 миллиард метрикалық тонна (9,1 миллиард тонна) пластик өндірілді.
Дүние жүзіндегі жағажай қоқыстарының 73 пайызы пластиктен тұрады.
Әлемде әр минут сайын миллион пластик бөтелке сатып алынады екен. Барлық өндірілген пластиктің тек 9 пайызы ғана қайта өңделеді.
Жалпы алғанда, адамдар минутына шамамен 1,2 миллион пластик бөтелке пайдаланады.
Тек АҚШ-та жыл сайын 38 миллион пластик бөтелке қалдыққа тасталады. Миллиардтаған бөтелкелерді өндіру үшін 24 000 000 литр мұнай қажет екен.
Америкалықтар жылына шамамен 50 миллиард бөтелке су сатып алады, бұл айына бір адамға шамамен 13 бөтелкеден келеді. Орташа американдық жылына 217 бөтелке су ішеді.
Қазақстанда осы мәліметтердің басым бөлігі белгісіз. Мақаланың мақсаты – осыны анықтап, жұрт назарына тартымды және түсінікті түрде жеткізу.
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздегі алкогольсіз сусын өндірушілер 334,4 миллион литр минералды және газдалған су (бір жыл бұрынғыдан 17,5 пайызға көп) және 774,6 миллион литр басқа алкогольсіз сусындар (2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,9 пайызға көп) өндірді.
Соған сәйкес, өндірушілердің пластиктен жасалған бөтелкелерді импорттау көлемі де артты. ПЭТ- бөтелкелерден тұратын қалдықтарды көрші елдерге экспорттау, ел ішіндегі осындай қалдықтарды жинап, өндірістерге өткізушілерді қолдау секілді өзекті мәселелер де бар.
Сол себепті осы мәселелер бойынша халықтың, тұтынушылардың, қалдықтарды жинаушылар мен экспорттаушылардың, өнім өндірушілердің экологиялық сауаттылығын арттырудың маңызы зор.
Мақаланы жазу үшін ең алдымен елдегі осы саладағы барлық ақпаратты жинап, инвентаризация (санақ) жүргізіп алу қажет болды.
Ол үшін мынадай мәліметтер жинауды көздегенбіз:
• Алматыдағы пластик бөтелкелерді пайдаланатын кәсіпорындардың саны;
• Алматыдағы жалпы осындай өнім өндіруші кәсіпорындардың саны;
• Елге импортталатын бөтелкелердің саны;
• Елде өндірілетін бөтелкелердің саны;
• Шетелдерге экспортталатын пластик бөтелке қалдықтардың саны;
• Қаладағы ТБО қалдықтардан жиналатын пластик бөтелкелердің саны;
• Өңделетін пластик бөтелкелердің саны;
• Қайта пайдаланылатын (Reuse) бөтелкелердің саны, үлесі;
• Қалдықтарды бөле-жара жинау үлесі;
• Қалдықтарды бөліп жинаумен айналысатын тұрғындардың үлес салмағы;
• Қалдық полигондарының саны;
• Алматыдағы осындай қалдықтар бойынша кеңес бере алатын кәсіби, сарапшы ұйымдардың саны;
Өкінішке орай, біз жоспарлаған мәліметтердің барлығын бірдей табу мүмкін болмады. Қолда бар экологиялық маңызы бар мәліметтер жиналған соң олардан көрнекті мультимедиялық материалдар жасалды.
Соларды назарларыңызға ұсынамыз:
Интерактивті фотосурет түріндегі инфографика: Пластиктің ашылу және оның бөтелке өндірісінде қолданыла бастау тарихы
Инфографика: Пластмасса түрлерінің халықаралық маркировкасының жүйесі
Таймлайн: ПЭТ (полиэтилентерефталат) бөтелкенің тарихы және оны өндірудің технологиялық процессі
Кесте: Қазақстандағы өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі
(бөтелке, оны пайдаланатын су өндірісі мен қайталама пластмассалық шикізат өндірісі)
Инфографика: Қазақстан қанша су импорттайды
Инфографика: Қазақстан қанша су, сусын және алкогольсіз сыра экспорттайды
Қазақстанда жинақталған тұрмыстық қатты қалдықтардың (ТҚҚ) жалпы көлемі шамамен 100 млн. тоннаны құрайды, бұл ретте жыл сайын шамамен 5-6 млн.тонна ТҚҚ түзіледі.
2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 8 млн.тоннаға дейін өсуі мүмкін.
Қазақстанда ұлттық деңгейде өткен жылы қабылданған жаңа экологиялық кодекске «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын қоса алғанда, қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, көму мәселелеріне қатысты бірқатар стратегиялық құжаттар әзірленді.
«Полиэтилентерефталат қалдықтарын әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 289 бұйрығымен 2022 жылғы 14 маусымнан бастап сыйымдылығы 2 литрден аспайтын өзге де бөтелкелерді, құтыларды және ұқсас бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан алты ай мерзімге әкетуге тыйым салынды (тауар номенклатурасының коды Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі 3923 30 10 90 (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН коды); сыйымдылығы 2 литрден асатын өзге де бөтелкелер, құтылар және ұқсас бұйымдар (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3923 30 90 90); пропилен полимерлерінің пластмассасынан жасалған қалдықтар, кесінділер және скрап (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3915 90 11 00) жатады.
Қазақстанда өндірістік қуаттылығы жылына 72 мың тонна болатын ПЭТ қалдықтарды қайта өңдеуші 23 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл қайта өңдеуші кәсіпорындар шағын бизнес субъектілері болып табылады. Сондықтан, статистикалық есептілікті тапсыру жарты жылдық негізде жүргізіледі, осыған байланысты ПЭТ қалдықтарын өңдеу, экспорттау туралы толық ақпаратты келесі күнтізбелік жылы көруге болады.
Алматыға келсек:
Кесте 1: Алматы қаласы импорты (тазартылмаған өсімдік майы)
Кесте 2:Алматы қаласы қанша сусын импорттайды
Сонымен, Алматыда 2021 жылы 119 млн 056 мың 503,5 литр су (сусындар мен этил спиртін қоса алғанда) экспортталып, 153 млн 843 мың 392,3 литр су импортталған.
Бұған қоса 1192,3 тонна сұйық май түрлері экспортталып, 75940,2 тонна май түрлері импортталған. Егер бұл сандарды литрге айналдыратын болсақ:
Салмақ= Көлем х Тығыздық (Масса = Объем х Плотность)
V(л) = M(т) / ρ * 1000
1192,3 тонна= 1 192 300 литр.
75940,2 тонна= 75 940 200 литр.
Демек, Алматыда аталған сұйықтықтардың барлығының экспорты мен импорты үшін шамамен 350 млн 032 мың 395,8 бөтелке (көлемі 1 литрлік) қажет екен.
Бұған қоса Алматыдан 2021 жылы пластмассадан жасалған
10 093,2 тонна түрлі бұйымдар экспортталып, 64 210,9 тоннасы импортталған. Орта есеппен 1 тонна пластмасса қалдық 25 000 пластик бөтелкеге тең деп саналады. Демек, Алматыға бір жылда шамамен 252 330 000 +1 605 272 500=
1 млрд 857 млн 602 мың 500 пластик бөтелкеге тең пластмассадан жасалған заттар әкелінеді және әкетіледі.
Инфографика: Алматыда пластик қаптама (упаковка) өндіретін қанша кәсіпорын бар
Интерактивті фотосурет түріндегі инфографика: Алматы қаласы аудандарындағы пластик қалдықтарды қабылдау пункттері туралы ақпарат
Әкімдіктің ақпаратына сәйкес, Алматы қаласында 2021 жылы 443 мың тонна қалдық жиналды, оның 67 мың тоннасы қайта өңделді. 2022 жылдың 10 айына 370 мың тонна қалдық жиналып, 67 мың тоннасы қайта өңделді.
Қазіргі уақытта Алматы қаласында жүйелі деңгейде қалдықтардың пайда болуының «көзінен» ҚТҚ бөлек жинау бойынша жұмыс жүргізілуде, контейнерлік алаңдарда ҚТҚ бөлек жинау үшін («АҚ Тәртіп» ЖШС және «Есо World» ЖШС) қайталама шикізатты жинау үшін 1000 бірліктен астам торлы контейнерлер орнатылды («Local feed» ЖШС) нан-тоқаш қалдықтарын жинауға арналған 400 бірлік контейнер және оларды қайта өңдеу жолға қойылған.
Қала аумағында («KWRecycling» ЖШС) қайталама шикізатты қабылдаудың 37 пункті орнатылды, сондай-ақ қала ұйымдарында («Eko Sen» ЖШС) макулатура, шыны ыдыс және пластик қалдықтарды жинау үшін 1000 бірлік экобокс орнатылды.
2018 жылы қалада өндірістік қуаты жылына 550 мың тонна қоқыс сұрыптау кешені пайдалануға берілді, ол қала халқы тастаған ҚТҚ көлемін сұрыптаумен қамтамасыз ете алады. Одан пайдалы фракциялар алынады, олар ҚТҚ полигонына көмуге сұрыпталатын бөлшектер емес, одан әрі қайта өңдеуге жіберіледі.
Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің мәліметіне сенсек, ресми деректер бойынша (қалдықтардың мемлекеттік кадастры) 2021 жылы пайда болған пластик қалдықтарының көлемі 39,8 мың тонна, оның ішінде 1 мың тонна (2,5%) қайта өңделген. Ағымдағы жылда Алматы қаласы бойынша 9,8 мың тонна, оның ішінде 2,4 мың тонна (24,5%) қайта өңделген.
Ел бойынша халықтың 82% — ы ҚТҚ жинау және шығару қызметтерімен қамтылған. Бүгінгі таңда ел өңірлерінде бөлек жинау бойынша инфрақұрылым біртіндеп жолға қойылуда. 142 аудан мен қала әртүрлі кезеңде ҚТҚ бөлек жинаумен қамтылған.
Алматы қаласының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған 1454 контейнерлік алаңы бар, оның 8003 контейнерлер орналасқан, оның ішінде 201 контейнерлік алаңында 929 дана көмілген контейнерлер бар.
Осы ретте, Кодекстің 365-бабының 4-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, оның ішінде тасымалдауды және қалпына келтірілгенге немесе жойылғанға дейін жинақтауды көздейтін коммуналдық қалдықтарды жинаудың ұтымды және экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыру арқылы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
Алматы қаласы бойынша ҚТҚ-ны бөлек жинауды, сұрыптауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын 11 кәсіпорын және қала бойынша 61 қабылдау пункті жұмыс істейді (аудандар бойынша бөлінген қалдықтардың мемлекеттік кадастрынан алынған ақпарат қосымшаға сәйкес).
Біздің мақалада жинақталған материал қала әкімдігіне саясатты жасақтауға, оны өзгертуге септігін тигізеді деп үміттенеміз.
Данный проект организован при поддержке Посольства США в Казахстане.
Бұл жоба Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.